fdsahf kjdsahkf jdshak fjhdsk ajfhdks ajhk dsalhkfjh dsakjfh kdsa
Kaz



Бір қарағанда, эмоциялар сияқты қарапайым көрінетін нәрселер, дәлірек айтқанда, балалық шақтағы оқылмаған эмоциялар кез-келген адамның өмірінде терең із қалдырады және балалық шақтың "сабақтарын" түзету оңай емес, оларды алмаған дұрыс…

Балаларды эмоционалды түрде қабылдамау ең қиын жағдайларға әкеледі.

Балаға ата-анасы оны ұнатпайтын, түсінбейтін сияқты көрініп, ол өзін жалғыз сезінеді…

Жалғыздықтан оның басында әртүрлі мазасыз ойлар, тіпті суицидтер туралы ойлар да пайда болады.

Балалар эмоцияларына ересектердің сөздері кедергі келтіреді.

"Неге басқа балалар жақсы оқиды, ал сен менде...».

"Бағаларың туралы маған өтірік айттың! Өскен кезде не болатынын білесің бе? Саған ешкім сенбейтін болады».

«Ыдыс-аяқты тиіспе, сындырасың! Өзім-ақ жуа саламын»!

Мұндай блоктарды шексіз айта беруге болады.

Дәрігердің қабылдауына келгенде мен психолог ретінде мені қатты елеңдеткен жағдайға куә болдым.
Менің дәрігерімнің кабинетінің жанында балалар дәрігері қабылдаған кабинеті болды.
Кабинеттің жанында жас аналар мен балалардан тұратын кезек болды.
Балалар жүгіріп, шулап, қабылдауға кедергі келтіріп жатты, бұл туралы медбике бірнеше рет ескерткен болатын.
Осы уақытта барлық аналар ұялы телефондарына кіріп кетіп, балдарының не істеп жатқандарына хабарлары жоқ болды. Мен аналардың бұл ескертулерге қандай әрекет жасайтынын бақылап отырдым.

Аналар балаларын тыныштандыру үшін телефондарға "Маша мен аю" мультфильмін тез қосып, балаларына берді.
Біраз уақытқа тыныштық орнады, балалар мультфильмді көрумен айналысты.
Бірақ мультфильм аяқталғаннан кейін балалар қайтадан жүгіре бастады, айқайлап, бір - бірімен төбелесіп бастады.

"Отыр дедім ғой","Жаб аузыңды", "Осыдан үйге келейік, таяқты жейсің",
Деп баласының қолынан ұстап анасы айтып емес, тістерін қысып ысылдап айтқандай болды. "Сондай жағымсыз да қырсық болып кімге тартқансың?".

"Маматай, кімге тартқанын болжаудың еш қажеті жоқ. Оны түсіну үшін тек айна алдына келіп қарау ғана керек. Сонда кімге тартқанын түсінесің", деп қасына келіп айтқым келді.

Мен бірде-бір ананың өз баласына қажетті сөздерді таппағанына, оның назарын басқа нәрсеге ауыстырмағанына, бұлай істеуге болмайтынын тыныш дауыспен айтпағанына таң қалдым. Әрине, тәрбиелеуден гөрі телефон беру, жұлқылау, айқайлау, ескерту оңайырақ.

Мен бұл жас аналарды балаларын өсіре алмағандары үшін айыптай алмаймын. Оларға оны ешкім үйреткен жоқ. Олар қолдары келгенше балдарын тәрбиелеп жүр.
Сондықтан мен әрқашан балаларды ғана емес, ата-аналарды да оқыту және тәрбиелеу керек деп айтамын.
Ал біз кейстерді талдауды жалғастырамыз және келесі кездесуіміздің тақырыбы - "Балалардың сезімдері мен эмоциялары" болып табылады.

Спикер - Грязнова Ирина Юрьевна - педагогика ғылымдарының кандидаты, практикалық психолог, балалар мен жасөспірімдерге диагностика және кеңес беру орталығының жетекші маманы (Калининград қаласы)