fdsahf kjdsahkf jdshak fjhdsk ajfhdks ajhk dsalhkfjh dsakjfh kdsa
Kaz

№ 2 Кейс
Тақырыбы «Аутизм және мектепте оқу».


Спикер - Ингрида Баранаускене - Әлеуметтік ғылымдар докторы, профессор, Литваның Клайпеда университетінің Әлеуметтік жұмыс департаментінің бөлім меңгерушісі.

Әрбір кейс ― ойлап табылған жағдай емес, шынайы оқиға. Әрбір іс ойластырылған жағдай емес, нақты оқиға. Ата-аналар қандай да бір жағдайда не істеу керектігін түсіндіруді сұрайтын отбасылардағы жағымсыз жағдайларға байланысты хаттар мен сұрақтар негізінде жасалған кейс.

Кіріспе ситуация:

Бізге осындай мазмұндағы хат келді:

Cәлеметсіз бе.
Мен ауылдық жерде тұрамын. Менің қызым Маша 5 жаста және аутизмі бар.
Жақын арада баланы мектепке беру керек болады, мен бұның оған қалай әсер ететіні, басқа балалармен және мұғалімдермен қалай қарым-қатынас жасайтыны туралы қатты алаңдаймын.
Біздің ауылда арнайы, түзету орталықтары жоқ, сондықтан оған білім алудың жалғыз жолы - қарапайым мектепте оқу болып табылады.

Осыған байланысты менде бірқатар сұрақтар туындады:

* Кәдімгі мектеп ортасы оған зиян тигізбейді ме?
* Оны мектепке қалай дайындау керек?
* Ол басқа балалармен және мұғалімдермен қалай қарым-қатынас жасайтын болады?
* Болашақта оның диагнозын ескере отырып не күту керек?