fdsahf kjdsahkf jdshak fjhdsk ajfhdks ajhk dsalhkfjh dsakjfh kdsa
Kaz



Сәлеметсіздер ме, құрметті аналар, әкелер, ата-әжелер.
Біз жағдайларды талдау жаңа айдарын жалғастырамыз.


Өткен кездесуде мектеп поштасына отбасыларда болып жатқан жағымсыз жағдайларға байланысты көптеген сұрақтар келіп түсетінін айттым.


Бүгін біз сіздермен балалардың сезімдері мен эмоциялары туралы сөйлесетін боламыз. Біз ата-аналардан осы тақырып бойынша көптеген сұрақтар келіп түскеніне назар аудардық және олар қандай да бір жағдайда не істеуге болатынын білгісі келеді.

Бірнеше жағдайды қарастырайық:

1. Бала мен ана дәрігерге кезекте отыр. Анасы телефонда, бала қағаздар мен қарындаштардың жанында отыр. Баланың барлық сұрақтарына анасы: "сурет сала тұршы" деп жауап береді де, қайтадан смартфонға кіріп кетеді.

2. Далада бала жылап өз өзіне келе алмай тұрғанда, оған анасы: «Аузыңды жап деп кімге айтып отырмын»…

3. Бала супермаркетте жерге құлап жатып алып, ойыншықты талап етіп, анасы жаман деп айқалап жатқанда, ата-аналары оны жұлқылап шығарып, бәрінің көзінше жазасын беріп жатыр.

4. Қызым 4 жаста, ол өте белсенді және мен телефонмен сөйлескен кезде ол жат қылықтарын көрсете бастайды. Ол менің артымнан секіреді ма, мойныма ілініп, айқайлайды, қолыма көтерілуге тырысады және т. б. бұл мені қатты ашуландырып, қызымды жазалауға мәжбүр боламын.

Жоғарыда келтірілген барлық мысалдарда ата-аналар баланың сезімдері мен эмоцияларын елемеудің анық көрінісі.
Бүгінгі таңда қазіргі балалардың ерекшеліктері туралы сөйлескенде, біз ғылымдағы эмоционалды аштық (сарқылу) проблемалары туралы жиі айтып, бұл құбылыс Алексимития деп аталады…

Біздің бүгінгі кездесуіміздің қонағы - педагогика ғылымдарының кандидаты, практикалық психолог, балалар мен жасөспірімдерге диагностика және кеңес беру орталығының жетекші маманы Грязнова Ирина Юрьевна (Калининград қ.).

Біздің кездесудің тақырыбы "Балалардың сезімдері мен эмоциялары".